Тәуелсіздік – әлемдегі әрбір халық үшін қымбат ұғым!

Құрметті мақтааралдықтар, «Сырдария» университетінің ұжымы және студент жастар!
Тәуелсіздік – әлемдегі әрбір халық үшін қымбат ұғым!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға да биыл 25 жыл толып отыр.
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Мемлекетіміздің осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді.
Соның ішінде жастардың қосар үлесі ерекше. Себебі еліміздің болашағы – жастардың қолында. Білім мен тәрбиені қатар беріп, мәпелеп отырған студент жастарымыз ел үмітін ақтап, мәңгілік елінің туын биіктен желбіретсін.
Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін.

Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген мақтааралдықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді. Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін.
Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
Тәуелсіздіктің таңы жарық, тұғыры биік болғай!

"Сырдария" университетінің ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков

Оқиға категориялары