"Сырдария" университетінде ректордың студенттермен онлайн кездесуі өтті

Елде төтенше жағдайдың енгізілуі "Сырдария" университетінің жұмыс жоспарларына әсер еткен жоқ. Ережеге сәйкес барлық жоспарланған іс-шаралар қашықтық форматта өтуде, вебинарлар, конференциялар мен байқаулар ұйымдастырылуда. 27-сәуірде университет ректоры Серік Дәулетұлы Мамраимовтың студенттермен онлайн-кездесуі өтті.

Айта кету керек, мұндай кездесулер қазірдің өзінде дәстүрге айналған. Оған студенттер мен оқытушылар үлкен қызығушылықпен қатысады, өйткені бірінші басшының өзінен сіз барлық қажетті ақпаратты, сұрақтарыңызға сауатты жауапты ала аласыз.

Кездесу Webex платформасы арқылы бейнеконференцбайланыс түрінде өтті және университеттің Instagram-дағы аккаунты арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Оның негізгі мақсаты – жазғы емтихан сессиясы және қорытынды аттестаттауды өткізу ережелерін түсіндіру.

Қатысушылар сұрақтар қойды. Міне, олардың бірнешеуі: емтихандар қандай формада тапсырылады? Қорытынды аттестаттаудың форматы қандай? Диссертацияны онлайн қорғауға қалай сапалы дайындалу керек? Егер техникалық ақау орын алса не істеу керек? Антиплагиатқа қарсы жүйеден бітіру жұмысы қалай тексеріледі? және т.б.

Студенттердің осы және басқа сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

Онлайн кездесу барысында университет ректоры С.Д.Мамраимов университеттің басты мақсаты – білім сапасын қамтамасыз ету, студенттердің міндеті – сұранысқа ие, білікті мамандар болу екенін атап айтты. "Сырдария" университетінде бұл үшін барлық жағдай жасалған. Университеттің қолда бар ресурстары, қашықтықтан білім беру порталдарының болуы, профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуеті, сонымен қатар студенттердің қызығушылығы, белсенді позициясы мен ынтасы мобильді, еш проблемаларсыз-ақ төтенше жағдайларда қашықтықтан оқытуға кең көлемде көшуге мүмкіндік берді.

Студентке бағытталған амал-тәсілдерге сәйкес университет студенттердің қолда бар техникалық мүмкіндіктері ескеріле отырып, аттестаттаудың негізгі процедуралары мен алгоритмдерін ойластырып, әзірлегені атап өтілді. Мәселен, жазғы сессия барысында аттестаттаудың негізгі үш формасы жүзеге асырылады: ағынды платформалар арқылы ауызша; шифрлау және "соқыр" тексеру әдісімен жазбаша; компьютерлік тестілеу – Платонус білім беру порталы арқылы. Студенттің өтініші бойынша емтиханды 30-маусымға дейінге кезеңге ауыстыруға болады.

Университет тарапынан студенттерді қолдау шаралары – сессия мерзімдерінің, емтихандарды өткізу уақытының, апелляцияны беру мерзімінің ұзартылуы. Соңғы курста оқитындар үшін қорытынды аттестаттау (кешенді емтихандарды тапсыру, дипломдық жұмыс/магистрлік диссертацияларды қорғау) академиялық кестеге сәйкес өткізіледі.

Университет әкімшілігі қолға алған барлық шаралар студенттердің емтиханды сәтті тапсыруы, дипломдық жұмысты немесе магистрлік диссертацияны табысты қорғауы үшін жағдай жасауға, бүкіл ел үшін, оның ішінде университет үшін де күрделі кезеңде психологиялық тыныштық пен тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.

Қатысушылар университетте өткізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары, қабылданған сындарлы шешімдер, мазмұнды жауаптар үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Ректорат

Оқиға категориялары