Кәсіптік практиканың орнықтыру конференциясы өтті
- 1 view
Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының мiндеттi компоненті болып табылатындықтан кез-келген кадр даярлау үдерісі онсыз жүзеге аспайтындығы белгілі. Әрбір болашақ маман өзінің алған теориялық білімін практикада дәлелдеп, базалардағы білікті мамандардың тәжірибелерін азық етуді көздейді. Осыған орай, "Сырдария" университетінде Бітіруші курс студенттерінің кәсіптік практикасын ұйымдастыру және бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған орнықтыру конференциясы өтті.
"Сырдария" университеті дайындайтын білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік педагогикалық практиканы ұйымдастыру үшін 114 мекемемен келісім-шарт түзілді.
2019-2020 оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес студенттер сол мекемелерге практикадан өту үшін университеттің №279/с "27" желтоқсан 2019 ж. бұйрықтары негізінде жіберілді.
Университеттің Педагогикалық білім беру бағдарламасы бойынша 10 аптаға педагогикалық, экономикалық, техникалық, жаратылыстану білім беру бағдарламасының студенттері 10 апта өндірістік практикаға жолдама алды.
Айтулы іс-шараға университеттің бітіруші мамандық студенттері мен практика жетекшілері және педагогика және психология әдіскерлік ететін профессор-оқытушылар құрамы, декандар мен кафедра меңгерушілері қатысты.
Конференцияда "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы, Ғалым хатшы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абенова Ләззат Усманқызы, "Құқық және экономика" кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Бердібеков Халықберді, "Музыкалық білім" кафедрасының профессоры Бөрі Иса практика кезіндегі студенттердің басты іс-әрекеттері мен мақсат-міндеттерін атап өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ мамандарға сәттілік тіледі. Практика базалары және бұйрықпен таныстыру үшін Университет студенттерінің кәсіптік практика жетекшісі К.Ә. Исаева практика базаларының материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ білікті, тәжірибелі, жоғары санатты педагогтардың да сандық көрсеткіштерін айтып, мектептің жеткен жетістіктерін баяндады.
Өресі биік ой-пікірлерге толы өткен конференция студенттердің практика алдындағы үлкен рухани серпілісі болды. Құнды ойлар мен берілген бағыт-бағдар студенттердің практика кезінде таптырмас азығы болады деп сенеміз.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет