Қуанышты хабар!!!

Ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Л.У.Абенованың «Шығармашылық шеберлік» атты монографиясы жарыққа шықты.

Автордың бұл еңбегінде қазақ халқының көрнекті қаламгерлердің шығармашылық шеберханасы, олардың эпик ақын ретіндегі шеберлік қыры поэмалары арқылы сөз етіледі.

Жазушылардың сыншылар назарына ілініп, ғылыми айналымға енбеген кейбір шығармалары жете зерттеліп, теориялық талдау жасалынады, сол арқылы суреткердің өзі суреттейтін тақырыпқа келу жолы қарастырылады және бүгінгі күн тұрғысынан баға беріледі.

Еңбек жоғары оқу орындары филология факультетінің студенттері мен магистранттарына және мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ әдебиетті сүйетін көпшілік оқырман қауымына арналған.

Монографиямен университет кітапхасында танысуға болады. 

Біз өз тарапымыздан авторға рахмет айтып, тағы да бізді өз еңбектерімен қуанта беруіне тілектеспіз!!!