Инновациялық ғылыми-зертеу орталығы сіздерді оқуға шақырады!
- 1 view
Инновациялық ғылыми-зертеу орталығы университеттің оқу-ғылыми құрылымдық бөлімі болып саналады. Онда химия, биология, физика мамандықтары бойынша студенттердің лабораториялық жұмыстарын, курстық, дипломдық жұмыстары мен магистрлік диссертацияларын, университеттің профессор-оқытушы құрамының ғылыми-зертеу жұмыстарын жүзеге асырады.
Инновациялық ғылыми-зертеу орталығы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлеу зертханасының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттеу аттестатын иеленді. Материалдық-техникалық базасы бойынша қондырғылары тексеруден өтіп сертификатталған.
Орталықта біліктілігін артырған сертификаты, куәлігі бар білікті мамандар жұмыс істейді.
Орталықта екі химиялық зертхананы қайта құру арқылы бактериологиялық зертхана тұрғызылды. Зертханада Мақтарал ауданының елді мекендерінің ауыз су, ағын су, жер асты суларының химиялық құрамын және бактериологиялық ғылыми-зертеу, сапалық және сандық сараптама жасалынады. Органолептикалық қасиеті бойынша судың түсі, иісі, дәмі, мөлдірлігі және химиялық құрамы бойынша кермектігі, құрамындағы ауыр металдар, катиондар мен аниондар, органикалық заттардың рұқсат етілген нормасына сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
Табиғи өнімдерді қолдану арқылы студенттер жергілікті жерде өсетін шөптерден табиғи бояғыш заттар, сабын алуда, сабынға қосылған табиғи бояуларды жергілікті жерде өсетін шөптерден химиясыз өңдеу арқылы алады.
Мектептермен түзілген ғылыми-зертеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын орындауға арналған келісімшарттар негізінде «Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы» тақырыбы бойынша ғылыми-зертеу және тәжірибелік ғылыми ізденістер жүргізіледі. Химияны, биологияны таңдаған оқушылар инновациялық ғылыми-зертеу орталығында кафедра оқытушыларының көмегімен ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуде және аудандық обылыстық олимпиадаға қатысуда.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет