Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі – 2018
- 1 view
Жақында ғана мектеп бітірушілердің соңғы қоңырауы соғылды және әрбір талапкер үшін өмірінде дұрыс таңдау жасау, яғни болашағын айқындауға сенімді негіз бола алатын өзіне сай жоғары оқу орнын таңдау өте маңызды.
Қандай университетті таңдауға болатынын түсіну үшін жастар көптеген факторларды талдап, барлық жағымды және жағымсыз мәселелерді талқылайды. Олардың ішінде мамандық таңдау, жоғары оқу орнының орналасқан жері, оның беделі мен оқыту деңгейі, мемлекеттік гранттардың болуы, оқу үшін ақы төлеу сомасының мөлшері, жұмыспен қамту перспективалары және басқа да маңызды факторлар бар. Ақпарат жеткіліксіз бол-
са, бұл талдауды өз бетінше жүргізу оңай емес.
Кез келген жоғары оқу орнын алсақ, ондағы білім беру сапасын кешенді түрде институционалдық та, білім беру бағдарламалары бойынша да аккредиттеу береді.
Аккредиттелген жоғары оқу орындарының және оқыту бағдарламалары туралы барлық мәліметтер тұрақты негізінде Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі www.iqaa.kz сайтында орналастырылады.
Дегенмен өмірдің қарқыны жеделдейді, ал қазіргі талапкерлер мен басқа да мүдделі тұлғалар қолжетімді нысанда жылдам нәтижені талап етеді, сондықтан рейтингілер қазіргі уақытта Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен сұранысқа ие.
2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы: «Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді», деп атап өтті.
Адами капиталды және білімге негізделген экономиканы дамытудағы жоғары білімнің рөлін асыра бағалау қиын. Жоғары білім сапасын бағалаудың қолайлы, қолжетімді құралдарының бірі университеттің рейтингі болып табылады.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі оқу орындары қызметінің негізгі аспектілерін, олардың ішінде білім беру сапасын, ғылым дәрәжесін, оқытушылар мен түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін ескереді. Сонымен қатар ол жоғары оқу орындарын жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие білім мен дағдыларды алу сапасын сарапшылардың көрсетулері негізінде бағалауға мүмкіндік береді.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі – Рейтинг он жыл бойы, 2008 жылдан бастап, Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингін жариялап келеді.
Бұл орайда, жоғарыда айтылғанындай, мүмкіндіктерді бағалаудың ыңғайлы, қолжетімді құралдарының бірі жоғары оқу орындарының рейтингі болып табылады.
Барлық университеттер Ұлттық рейтингіге өз еркімен қатысатынын атап өткен жөн. Жоғары оқу орындарын жыл сайынғы Ұлттық рейтингіне тарту мақсатында агенттіктің сайтында арнайы хабарландыру жарияланады, барлық университеттерге ақпараттық хаттар жіберіледі. Бірақ рейтингіге қатысу туралы шешімді университет тікелей өзі қабылдайды. Университеттің рейтингіде болуы оған бедел әкеледі әрі жарнаманың түрі болып саналады.
Жоғары оқу орны туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар арқылы барлық мүдделі тараптар: талапкерлер мен олардың ата-аналары, шетелдік талапкерлер, жұмыс берушілер, қорлар, бірлестіктер мен мемлекеттік органдар хабардар болады.
Ұлттық рейтингі әдістемесі 2006 жылы 18-20 мамырда Берлинде өткен IREG-2 рейтингілер бойынша Халықаралық сарапшылар тобының екінші конференциясында қабылданған жоғары оқу орындарын ранжирлеудің Берлин қағидаттарына негізделеді.
Берлин қағидаттары деректерге талдау жүргізгенде ашықтықты, өзектілік пен адалдықты талап етеді және ранжирлеу процестерінде өздеріне сапаны қамтамасыз ету бойынша жүргізген жұмыстарын айғақтайды.
Ұлттық рейтингінің әдістемесі ғылыми тұрғыдан қарастырылады және онда халықаралық тәжірибе пайдаланылады. Ұлттық рейтинг әдістемесі «Higher Education in Europe» (№ 2-3, 2008 ж. Лондон) жоғары білім беру саласындағы халықаралық журналда, «International Higher Education» (2010 ж.) журналында қытай және ағылшын тілдерінде Шанхай қаласында жарияланған. Әрбір индикатор мен критерий бойынша ақпарат, олардың салмағын бөлу Ұлттық рейтингіге қатысатын барлық жоғары оқу орындарына беріледі.
Жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі әдістемесі бойынша университеттің қызметін бағалау мекемелердің өздері ұсынған құжаттарды растайтын статистикалық мәліметтер бойынша жүргізіледі.
Көрсеткіштердің бір бөлігі, дәлдік пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін тәуелсіз көздерден алынады, оларға ғылыми жарияланымдар бойынша SCOPUS, Clarivate Analitics (бұрынғы Web of Science) дерек базалары, Ресей ғылыми сілтемелік индексі (РИНЦ), жоғары оқу орындары студенттерінің оқу жетістіктерін сыртқы бағалау бойынша тестілеу нәтижелері (ОЖСБ), «Болашақ» бағдарламасы бойынша университет түлектерінің саны, ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантына ие болған профессорлар мен оқытушылар саны жатады.
Академиялық жетістіктерінің жалпы бағамы алты көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: студенттер контингенті – 10%; студенттерді оқыту нәтижелері және жоғары білім беру орнында іске асырылатын бағдарламаларының саны – 14%; академиялық қызметкерлер: профессорлық-оқытушылар құрамы – 12%; ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстар – 15%; халықаралық ынтымақтастық – 12%; ақпараттық қамтамасыз ету – 7%. Әрбір көрсеткіштің өз критерийлері бар, олармен толығырақ www.nkaoko.kz сайтында толығырақ танысуға болады.
Берлин қағидаттарына сәйкес ағымдағы жағдайда туындайтын шарттарға байланысты Ұлттық рейтингі әдістемесіне түзетулер енгізілетінін атап өткен жөн. Алайда осы өзгерістер индикаторлар балансына және жоғары оқу орындарының қорытынды бағалау әдісіне әсер етпейді. Осылайша, осы жылы рейтинг әдістемесіне «Студенттердің қысқартылған контингентінің саны бір штаттық профессорлық-оқытушылар құрамына қатынасы» атты жаңа тармақ қосылды.
Осылайша университеттердің академиялық көрсеткіштері Ұлттық рейтингінің 70%-ын құрайды. Қалған 30%-ы жоғары оқу орындарын жоғары білім беру саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың (15%) және жұмыс берушілердің (15%) беделді бағаларына тең бөлінеді.
Қазақстандық және шетелдік сарапшылар Қазақстан, жақын және алыс шетелдер жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы арасынан агенттік арқылы анықталып, іріктеледі. Сарапшылар Қазақстанның жоғары оқу орындарын аккредиттеуге қатысқан немесе осы университеттерде білім берудің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін басқа тәжірибелері бар екенін атап өтеміз. Сарапшылардың социологиялық сауалнамасы электронды пошта бойынша сұрақтары бар сауалнаманы жіберу арқылы жүргізілді, оның жауабы нақты сарапшының көзқарасын ғана білдірді.
Биыл 800-ден астам сауалнамадан жіберілді, олардың ішінен 200-ден астам жауап (24%) алынды. Сонымен қатар шетелдік сарапшылардан, негізінен Ресейден, сондай-ақ Польша, Литва және Эстониядан жауап қайтарылды.
Жұмыс берушілердің іріктемесі де кездейсоқ емес. Әдістемеге сәйкес, жұмыс берушілер екі өкілдік топқа бөлінеді. Біріншісі – мемлекеттік органдардың өкілдері: орталық және жергілікті атқарушы органдардың, екінші – салалық жұмыс берушілер (ұлттық компаниялар, ірі, орта және кіші бизнес-қауымдастықтар). Жұмыс берушілердің екі топтарының пікірлерін зерттеу қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін анықтады.
Жалпы курьерлік поштамен барлық министрліктер мен әкімдіктерге 825 сауалнама жіберілді және 400-ден астам жауап алынды, бұл респонденттердің өте жоғары пайызын (48%) көрсетеді.
Сауалнамаға белсенді қатысушылар қатарында Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Энергетика министрлігі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бар. Жергілікті атқарушы органдар арасында белсенді әкімдіктер – Ақмола, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстары мен Астана қаласы әкімдіктері.
Жоғары оқу орындарын бағалауға қатысқандардың бәріне шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жалпы алғанда, электронды пошта арқылы әртүрлі деңгейдегі компанияларға, ұйымдар мен қауымдастықтарға 1800-ден астам сауалнама жіберілді және мекеме басшыларынан, олардың орынбасарларынан мен орта деңгейдегі менеджерлерден 227 жауап алынды. Мұнда респонденттердің үлесі де айтарлықтай, бірақ, өкінішке қарай, әлдеқайда аз (шамамен 13%), себебі белгілі бір түлектің жұмысқа орналасуы туралы түпкілікті шешім қабылдайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары болып табылады. Осыған байланысты, біз компаниялардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларынан мәселеге бей-жай қарамауды және болашақта сауалнамаға көбірек қызығушылық танытуды қалаймыз.
Институционалдық рейтингінің үш сауалнама нәтижелері бойынша қорытынды балл жоғары оқу орындар қызметі бағдарламалары бойынша ұсынылған – көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, өнер, медициналық және педагогикалық университеттер.
Білім және ғылым министрлігі сайтына (edu.gov.kz) сәйкес қазіргі уақытта Қазақстанда 116 азаматтық жоғары оқу орны (университеттер, академиялар, институттар) бар. 2018 жылғы Ұлттық рейтингіге 60 университет қатысты, алайда кейбір университеттер рейтингіге кірген жоқ.
Сондай-ақ институционалдық рейтингіден бөлек агенттік оқу бағдарламаларының рейтингін жүргізеді. Оқу бағдарламаларының әдістемесі мен ранжирлеу нәтижелері www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген.
2018 жылғы бағдарлама рейтингінде 60 жоғары оқу орны 289 білім беру бағдарламасын (өткен жылы – 279) ұсынды. Бұл бағдарламалар бойынша университеттік сауалнамалардың жалпы саны 1100-ден асты.
Ұсынылған бағдарламалардың саны бойынша алдыңғы бестікте – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (155), Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті (129), академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (128), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (109), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (63) орналасқан.
Ұлттық рейтингі нәтижелерінің жоғары оқу орындарына қатысты мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен тәуекелдерін зерделеу үшін пайдалануға болады, ал бұл толық ауқымды талдауды және барлық салада одан әрі жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты жоғары білім беру саласындағы басшыларға студенттерді оқыту жаңа әдістерді дамыту мақсатында профессорлар мен оқытушылар үшін жүйелі түрде ынталандыруды пысықтауды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, менеджментті және университет сайты арқылы жұртшылықты ақпараттандыруды күшейтуді жалғастыру ұсынылуы мүмкін.
Ал салалық басқарушылар мен меценаттарға жетекшілік ететін жоғары білім беру орындарын қолдауды, ғылымға инвестициялауды, материалдық-техникалық базасын жақсартуды, оқу зертханаларын құруды, студенттерді жобаларға тартуды кеңес ретінде айтуға болады, әрине бұл міндетті түрде университеттің рейтингіне және дамуы перспективасына әсер етеді.
Қазақстан цифрландыруға бет бұрғанын ескере отырып, ол 2017 жылы бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген, университеттер ғылым мен білім берудің алдыңғы қатарларын басқарса, осы мәселелерге одан сайын назар аударулары тиіс. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Индустрия 4.0» тұжырымдамасын жүзеге асыру қарастырылған, ол үшін жаңа білім мен дағдыларға ие мамандар талап етіледі.
Осылайша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы 5 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысындағы сөзінде, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» шеңберінде 2018-2019 жылдарда жыл сайынғы
54 мың білім беру гранттарға қосымша 20 мың грант бөлуді тапсырды. Олардың 11 мыңы – техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды оқытуға, атап айтқанда, инженерлерді, ақпараттық технологиялар, роботты техника, нанотехнология салалары бойынша мамандарды дайындауға жұмсалатын болады, яғни олар – таяу жылдарда «Индустрия 4.0» шеңберінде қажет болатын мамандықтар.
Үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі 2018 жылы оқуға түсушілерге және олардың ата-аналарына, басқа да барлық мүдделі тараптарға пайдалы және қызықты ақпарат болады деп үміттенеміз.
Агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларының өткен жылдардағы рейтингілері нәтижелерімен де танысуға болады және олардың динамикасын қадағалауға мүмкіндіктеріңіз бар. Зерттеңіздер, салыстырыңыздар, талдаңыздар және өздеріңіз үшін дұрыс шешім қабылдаңыздар.
Қорытындылай келе, рейтингіндегі орындарына қарамастан, жұмысты жалғастырып, жетілдіру барысында Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына, студенттеріне ежелгі студенттік әнұранның сөздерімен:
«Vivat Academia! Vivant professores!»
«Жасасын Университет,
Жасасын профессорлар!» деп табыс тілейміз.
Шолпан КАЛАНОВА,
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру
тәуелсіз агенттігі –
Рейтинг президенті, профессор, педагогика ғылымдарының докторы
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу