Түлектері түгел жұмыспен қамтылған оқу орны

EGEMEN QAZAQSTAN, 9 бет

Еліміздің ең оңтүстік қиырында, Өзбекстан мемлекетімен шекаралас Жиделібайсын жерінде, ақ алтынның отаны – Жетісай қаласында орналасқан "Сырдария" университеті Сіздің халыққа арналған "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты тұңғыш Жолдауыңызды еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып талқылап, 2019 жылдың 18 қазанында халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өткізді.

Осы жиында Жолдаудағы басты бағыттарды жүзеге асыруға байланысты мақсат-міндеттер айқындалып, қарар қабылданды.

"Сырдария" университеті құрылған нан бергі 22 жылда Өзбекстан Республикасындағы 1 млн-нан астам қандастарға жəне Мырзашөлдегі 500 мыңдай халық үшін мектеп мұғалімдерін даярлап, жастарға жоғары білім беруде. Материалдық-техникалық базасы заманауи талапқа сай жабдықталған университет контингенті мемлекет құраушы ұлт өкілдері болғандықтан негізгі басымдық ағылшын тілін игеруге бағытталуда. Осы мақсатта Кембридж университетінде біздің оқу орнының орталығы ашылды.

Профессор-оқытушылар мен студенттер айтулы ғылыми жетістіктерге қол жеткізуде. Археологтар бұрын-соңды зерттемеген ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына археологиялық зерттеу жұмыстарын біздің университет ғалымдары жүргізіп, ғылыми айналымға енгізді. Жаратылыстану бағытында оқитын студенттер түрлі ғылыми байқау мен жобалардан жеңімпаз болып оралуда. Студенттеріміздің спорт пен өнерде жеткен табыстары да қомақты. Бітіруші түлектер түгелдей жұмыспен қамтылған.

Білім-ғылым іздеген Жетісай, Мақтаарал аудандарының жастары мен Өзбекстандағы қандас бауырларды жаңа өмірге жетелеуде "Сырдария" университетінің ұжымы Президенттің саясатын басшылыққа алады.

Халықаралық конференцияға қатысушы ғалымдар, профессор-оқытушылар жəне "Сырдария" университетінің студенттері Қазақстан ЖОО профессор-оқытушылары мен студенттеріне Президенттің Жолдауын басшылыққа алуға, белгіленген міндеттер мен іс-шараларды тыңғылықты бірлесе атқаруға шақырып, үндеу қабылдады.

Мемлекет басшысының ел болашағы мен Отанымызды көркейту жолындағы қызметіне абырой, мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, айтулы табыс тілейміз.

Құрметпен, "Сырдария" университетінің ұжымы

18.10.2019 жыл
Түркістан облысы, Жетісай қаласы, "Сырдария" университеті

 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.