«ТӘШЕНЕВТІ» ТАҢДАҒАН ТАЛАПКЕР ГРАНТ ИЕГЕРІ БОЛА АЛАДЫ
- 1 view
Мектеп бітіруші жас түлектер үшін маусым-шілде айлары жоғары оқу орнына оқуға құжат тапсырып, үлкен өмірге аяқ басатын қызығы мен шыжығы мол кезең деуге болады. Мамыр айынан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағы сыналып жатқан бүлдіршіндерді еліміздің жарқын болашағы деп танимыз.
Биылғы жылы мемлекет тарапынан 2024-2025 оқу жылына жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша жоғары оқу орындарында оқу үшін 93 мыңға жуық мемлекеттік білім беру гранты бөлінді.
Осы жылы Түркістан облысы бойынша 30 мыңнан астам, Шымкент қаласы бойынша 22 мыңға жуық бітіруші түлектер орта білімдерін жоғарылату мақсатында үлкен жолға қадам басу алдында тұр.Талапкерлердің болашақ мамандығы мен жоғары оқу орнын дұрыс таңдау жасай білуі – алдағы тағдырларының алтын қақпасын айқара ашуымен пара-пар.
2024 жылдың 5 маусымында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан жоғары білім берудің 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грантына қатысатын отандық жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды. Аталмыш тізімге кірген Жұмабек Тәшенев атындағы университет барлық білім беру бағдарламалары негізінде бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша гранттық конкурсқа қатысады.
Мемлекеттік білім беру гранты талапкер үшін таудай мүмкіндік. Талапкердің грант иегері атануы – ата-анасын қуанышқа бөлеумен қатар, отбасының әлеуметтік жағдайына ерекше әсер ететін фактор. Сол себепті Ж.Тәшенев университетінде мемлекеттік білім беру грантына қатысатын даярлау бағыттары бойынша республика аумағына бөлінген жалпы грант санын келтіреміз: 6B06102 Ақпараттық жүйелер – 10262 грант, 6B02111 Сән индустриясы – 380 грант, 6B01507 Химия-Биология мұғалімдерін даярлау – 1600 грант, 6B01702 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау – 1556 грант, 6B01504 Химия мұғалімдерін даярлау – 1600 грант, 6B04102 Қаржы – 768 грант, 6B04101 Есеп және аудит – 280 грант, 6B01402 Музыка мұғалімдерін даярлау – 300 грант, 6B01101 Педагогика және психология – 600 грант, 6B04104 IT менеджмент – 660 грант, 6B01703 Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау – 1700 грант, 6B01502 Физика мұғалімдерін даярлау – 914 грант, 6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту – 2060 грант, 6B01509 География –Тарих мұғалімдерін даярлау – 900 грант, 6B06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету – 10262 грант, 6B01510 Биология – География мұғалімдерін даярлау – 1600 грант, 6B01403 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау – 240 грант, 6B03201 Кітапхана ісі – 200 грант, 6B02101 Дизайн – 380 грант, 6B01505 Биология мұғалімдерін даярлау – 1600 грант, 6B06112 Информатика – 10262 грант, 6B01503 Информатика мұғалімдерін даярлау – 1600 грант, 6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау – 1700 грант, 6B05101 Биология – 2118 грант, 6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау – 1000 грант, 6B04103 Экономика – 660 грант, 6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 1600 грант, 6B01401 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау – 1100 грант, 6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау – 2172 грант, 6B01506 География мұғалімдерін даярлау – 900 грант, 6B02121 Эстрадалық вокал – 40 грант. Сонымен қатар, магистратураның келесі БББ бойынша гранттық конкурсқа қатыса алады: 7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 240 грант, 7M01101 Педагогика және психология – 200 грант, 7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау – 130 грант, 7M01702 Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтарын даярлау – 200 грант, 7M01703 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау – 60 грант, 7M01601 Тарих педагогтерін даярлау – 230 грант, 7M04101 Экономика–110 грант, 7М04105 Мемлекеттік және жергілікті басқару – 110 грант.
Көпсалалы білім беретін жоғары оқу орны ретінде Tashenеv University талапкерлерді 2024-2025 оқу жылына оқуға құжат тапсыруға шақырады.
Ғалымжан Битұрсын
Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет