Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы

Бүгін Астана қаласында ҚРПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы өтті. Аталмыш сессияға қатысуға Жұмабек Тәшенев университетінің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан ұсынылған болатын. Еліміздегі қарғын су тасқынына байланысты сессия отырысы онлайн форматта ұйымдастырылып, университетіміздің проректоры Шымкент қаласы әкімдігінің конгресс холында қатысты. Сессия төрағасы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы сессияға қатысушыларға нақты тапсырмалар бере отырып, су тасқынына көмек қолын созған халыққа, Ассамблея мүшелеріне, мекемелерге өз ризашылығын білдірді.

Теги:

Оқиға категориялары