Халықаралық семинар

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Павлодар қаласындағы С.Торайғыров университетінде “ЖАСТАР ҚУАТЫ - ТАБЫСТЫ КЕЛЕШЕККЕ БІР ҚАДАМ” тақырыбында Халықаралық семинар өз жұмысын бастады. 
Семинардың пленарлық мәжілісінде Германияның Анхальт университетінің Халықаралық жобаларды үйлестірушісі Василенко Оксана, Чехияның Палацки университетінің Офис үйлестірушісі Виктор Славик, Әзірбайжанның Баку Славян университетінің докторанты Хасанли Сайара баяндама жасап, жаһандану кезеңіндегі жастар тәрбиесіндегі басты құндылықтармен бөлісті. 
Аталмыш шараға Жұмабек Тәшенев университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын мен Студенттік ректор Жеңіс Құнанбай қатысуда. 
Университетіміздің проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлы “Ирбис” телеарнасына, сонымен қатар Халық радиосына семинардың тақырыбына орай сұқбат берді.
 

Теги:

Оқиға категориялары