ЖЫЛ БОЙҒЫ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Үшінші мегаполистегі жоғары оқу орындарының қатарына  жаңадан қосылған іргелі оқу орны Tashenev University өзінің оқу жылын қорытындылау үстінде. 
Университеттің басшылық құрамы жиналған ғылыми кеңесте жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланды. Оқу орнының негізін қалаушы Оңалбай Аяшев қолға алған тың бастамаларды жүзеге асыруда аянбай еңбек еткен барша университет ұжымына алғысын білдірді.  Атқарылған игі істерді атап өтті. 
«Қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің есіміне дақ түсірмей, университетімізді аз ғана уақыттың ішінде едәуір биік белестерге бағындырып, біршама жетістіктерге жетуіне көп үлес қостыңыздар.  Оқу жылы көлемінде  ғылым мен білімді ұштастырып, оны жастарға игертуде, білім алушылардың академиялық үлгерімін жақсартуда оқытушы-профессорлардың еңбегі көп»,--деп атап өтті О.Аяшев.
Сонымен бірге, жиында оқу жылындағы көрсеткіштер, білім мен ғылымдағы негізгі басымдықтар, студенттердің жетістігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің білім сапасын арттыру аясындағы беріп отырған тапсырмалардың орындалуы сөз болды. 
Tashenev University ректоры Қ. Байболов оқу процесіндегі әлі де атқарылуы тиіс бірқатар  шараларды атап өтіп, ұжымды тапсырмаларды ұтымды игеруге шақырды.
 

Оқиға категориялары