"Білім берудегі интербелсенді әдістемелер мен оқытудың инновациялық технологиялары" атты семинар-тренинг өтті
- 1 view
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз...
Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз...
Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс».
«Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген саналы сөзімен білім берудің байыпты бағдарын айқындап берген болатын. Қазіргі таңдағы нәтижеге бағытталған білім, оқу үдерісінде студентті бірінші орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір оқытушыға студенттерді белсенділендіретін оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді.
Бүгінгі күні оқу үдеріс бұрынғыдай «үйрету», «оқыту» емес, «ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру», «басқару» сияқты ұғымдардан тұрады.
Осы аталған идеялар мен ерекшеліктерді болашақ педагог мамандарға үйрету, алдағы педагогикалық өмірінде заман талабына сай интербелсенді технологияларды қолдана білуге оқыту мақсатында Республикалық «Даму» педагогикалық-психологиялық дамыту орталығымен бірлесіп 2017 жылдың 25-30 қыркүйек аралығында 36 сағаттық «Білім берудегі интербелсенді әдістемелер мен оқытудың инновациялық технологиялары» атты семинар-тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталған семинар-тренинг Педагог тұлғасы және оның адами капиталы, Педагогикалық шеберлік және кәсіби өсу, Білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары, Интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Топтық жұмыс, Рефлексия мен кері байланыс, Бағалау, Сын тұрғысынан ойлау технологиялары, Сабақ құрылымы және сабақ жоспарлау. ҚМЖ (қысқа мерзімді жоспар) құру т.б. тақырыптарды қамтыды.
Семинар-тренинг студенттердің инновациялық сауаттылығын қалыптастырып қана қоймай өмірлік сабақтардан да хабар беріп, білімдерін жетілдірді.
Бүгінде оқушыға бағытталған білім беру жүйесі жастарда шығармашылықтың «Өмір шығармашылығы» деп аталатын жаңа түріне ынталандырады. Оның негізі Жак Делор (ЮНЕСКО) айқындаған білімнің басты төрт құндылықтарымен анықталады: Өмір сүре білу, Жұмыс жасай білу, Басқалармен бірге өмір сүре білу, Үйрене білу. Сондықтан да бүгінгі біздің білім беру жүйеміз оқушыларды өмір сүруге үйрету бағытында жүзеге асуы тиіс. Бұл сөзімізге дәлел ретінде белгілі педагог, ғалым В. Кукушкиннің «Сіздерден өтінерім: оқушыларыңызға адам болуға көмектессеңіздер екен. Сіздердің ұмтылыстарыңыз ешқашан да оқымысты тажалдардың, білікті есалаңдардың, білімді Эйхмандардың пайда болуына әкеліп соқпауы тиіс. Кітап оқудың, жазудың, арифметиканың балаларымызға адамгершілікті болуға көмектескенде ғана маңызы бар» - деген сөзін келтіруімізге болады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басты бағыттарды жүзеге асыру, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар арқылы орындалары сөзссіз. Сондықтан да, ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті, жаңашыл педагог кадрларын даярлау үшін білім берудегі инновациялық технологиялардың басты идеялары мен қағидаларын, тиімді әдістемелерін ұстана білуіміз және оны жүзеге асыруымыз рухани жаңғыруға басқан нақтылы қадамдарымыз болмақ.
Файзиев Нұржан Сапарханұлы
"Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет