Академиялық саясат мәселелері бойынша Форум

Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қатысуымен ЖОО-дағы академиялық саясат мәселелері бойынша Форум өтті. Форум жұмысына университеттің проректорлары, декандары, кафедра меңгерушілері, оқу-әдістемелік басқарма мен тіркеу офисінің басшылары қатысты. Онда жоғары оқу орындарының академиялық саясаты, академиялық адалдық, ЖОО аккредиттеу, нарық талабына сай сапалы білікті кадрлар даярлау, шетелге профессор-оқытушылар мен магистрант, докторанттарды тағлымдамаға жіберу, педагогикалық және өндірістік базаларда іс-тәжірибеден өткізу, білім беру бағдарламаларының сапасына назар аудару, силлабустарды әзірлеуде ғылыми-зерттеуді оқумен ұштастыра кіріктіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, министр әліде академиялық мәселелерге қатысты көптеген өзгерістердің бар екенін және жұмыс жасау керек екендігін айтып өтті.