ӘКІММЕН ЖҮЗДЕСУ

Жетісай ауданының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы "Сырдария" университетінің сәулет өнерімен қатар, профессор-оқытушылар және студент жастарымен кездесті.

Кездесу барысында Мұрат Болатұлы оқу ордамыздың барлық орталық бөлімшелерімен таныс болды.
"KINOALEM" кинотеатры, инновациялық ғылыми-зерттеу, өндірістік іс-тәжірибе және қашықтықтан оқыту орталығы, виртуалды кітапхана, мұражай, көрме залы, COWORKING орталығы, спортзал, роботехника кабинеті, студенттер үйі, «Сырдария» мектеп-лицейі, өнер ғимаратымен таныстырылды.

Әкім студенттер өміріне ден қойып, студент жастарға үлкен сенім артатындығын, еліміздің келешегі жастардың қолында екендігін, кәзіргі уақытта білекпен емес, біліммен ғана биік белесті бағындыру керектігін сөз етіп, өз сөзін жылы шыраймен қорытындылады.