Дөңгелек үстел
- 1 view
2025 жылдың 27 наурызында Ж.А.Тәшәнев атындағы университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетімен бірлесіп білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша дөңгелек үстел өтті
Дөңгелек үстелге Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының меңгерушісі PhD, доктор Ж.А.Мамытбаева және Шымкент қаласы білім бөліміне қарасты №48 «Береке» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі К.К.Жайдақбаева, сонымен қатар 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының студенттері мен кафедраның профессор оқытушы құрамы қатысты.
Іс-шара барысында екі жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы білім беру мазмұнын жаңарту, білім бағдарламаларын интеграциялау және педагогикалық кадрларды даярлаудағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.