«ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ АЙНАСЫ»

Жұмабек Тәшенев атындағы университет Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында ұлттық киімді дәріптеу, насихаттау мақсатында басталған «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты челленджді қолдайды!
Ұлттық киім – тек сән үлгісі ғана емес, халқымыздың бай тарихын, рухани мұрасын, дүниетанымын айшықтайтын мәдени код. Қазақтың зерлі шапаны, оюлы камзолы, қос етек көйлегі – ата-бабамыздың өмір салты мен ұлттық болмысынан сыр шертетін құндылықтар. Ұлттық киімді дәріптеу – ұлттың рухын көтеру, дәстүрді жаңғырту, ұлттық сана-сезімді нығайту деген сөз.
Қазақ халқының ұлттық киімдері – сан алуан әрі ерекше үлгіге ие. Оның көркем нұсқалары әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлттық мәдениетімізде бағалы киімдер сый-сияпат, дипломатиялық қатынастарда естелік белгі ретінде қолданылған.
Жұмабек Тәшенев атындағы университет қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі саналатын ұлттық киімдерді насихаттауды әрдайым қолдайды. Осы ретте, біз әр аптаның бейсенбі күні жұмысқа ұлттық киіммен келу бастамасын қуана қабылдаймыз!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінен жолданған ұлттық киім челленджін қабылдаймыз!
Эстафетаны зор құрметпен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясына жолдаймыз!

Ұлттық рух – елдіктің негізі! Ұлттық киім – тарихымыздың ажырамас бөлігі! Дәстүрімізді дәріптейік!
 

Оқиға категориялары