Ұлттық мерекені атап өтті
- 1 view
«Технология және дизайн» факультетінің «Химия және биология» кафедрасында «Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем!» атты ашық сабақ өтті. Кафедра меңгерушісі Шолпан Муминова аға тәлімгер Изет Жасұзақов сөз алып, барша қатысушыларды республика күнімен құттықтады. 13 жылдан кейін ұлттық мереке ретінде тойланып жатқан биылғы Республика күнінің маңызы зор екенін еске салды. Еліміздің болашағының жарқын болуына осындағы білім алып жатқан жастар үлкен үлес қосады деген сенім білдірді.
Ал факультет деканы Дархан Артықбаев айрықша маңызға ие ұлттық мерекенің рөліне тоқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында осынау мереке жайлы айтты. «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды», деп, атап өтті Президент. Ендеше ұлық мерекеміздің қадірін біліп, қасиетін дәріптей берейік. Баршаңызға осынау айтулы күн құтты болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!»,--деді Дархан Жақсылықұлы.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет