Тәлімгерлік сағат
- 1 view
22.01.2025ж «Педагогика және өнер» факультетінің «Саз және ән» кафедрасының тәлімгері Байгунова Динара Мадиханқызы 6В02121- «Эстрадалық вокал» білім беру бағдарламасы ПиК-24-13к 1-ші курс тобының студенттерімен бірге тәлімгерлік сағатын өтті. Тәлімгер Д.М.Байгунова студенттердің сабақ үлгерімі, сабаққа қатынасауы және қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша талқылап, Мәдениеттану, орыс тілі,ағылшын сияқты пәндерден қысқы емтихан сессиясы кезінде неге өте төмен баға алғандарын анықтап, ендігі жазғы сынақ-емтихандарына әзірлену керектігі және осы аталған кемшіліктерді жою қажет екендігін ескертіп өтті. Жатақханада тұратын студенттердің әрбірімен жеке сөйлесіп,олардың қал жағдайларын білді. Сабақтан қалмай, кешікпей межелік бақылау тапсырмаларын дер кезінде тапсыру студенттің негізгі міндеті екені де ескертілді.
«Саз және ән» кафедрасы
Тәлімгері: Байгунова Динара Мадиханқызы