Жаңа басылым: «Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы»

«Құқықтану және экономика» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Жандарбек Б.А. «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» пратикумын жарыққа шығарды.

Қазіргі уақытта планетамызға жайылған COVID-19 атты індеттің себебінен еліміздегі карантин жағдайында ауадай қажет аталмыш оқу құралы дер кезінде пайда болды, өйткені қарастырылып отырған жұмыстың маңызы зор!

Қазақ бөлімдерінде «ҚР Отбасы құқығы» пәні бойынша сабақ беретін Қазақстанның ЖОО оқытушы-профессорлық құрамына, студенттер мен магистранттарға практика мен теорияны ұштастыруға бұл оқу құралының тигізетін пайдасы мол екенін ерекше атап өтуіміз керек.

Ұсынылған практикумның әсіресе қашықтықтан оқу режимінде пайдалануға беріліп отырғанын есепке алсақ, маңызы зор екені түсінікті деген пікірдеміз.

Сондықтан іске сәт!

Теги:

Оқиға категориялары