Тәшеневтың туған күніне арналған апталық

Университет қабырғасында Жұмабек Тәшеневтің 108 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасып жатыр. "Филология" кафедрасы атаулы күнге орай апталық өткізіп, "Қайраткер Ж.А.Тәшенев -ұлт тағдырының биігінде тұрған тұлға" тақырыбында 1-4 курс білім алушылары арасында эссе жазу байқауын ұйымдастырды. Байқау қорытындысы бойынша факультет студенттері Әсем Әсембекова 1 орынды иеленсе, Аруна Қанат екінші, Аида Ерімбетова жүлделі 3-ші орынды еншіледі. 
Одан соң, оқытушы Шолпан Серикбаеваның ұйымдастыруымен "Жас ұрпақ жадындағы Жұмабек Ахметұлы Тәшенев" тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Мұнда университеттің білім алушылары өздерінің қоғам қайраткері жайындағы білімдері мен таным көкжиегін кеңітіп, сан-салалы сұрақтарға жауап жауап берді. Іс-шара барысында студентіміз Уәлихан Мейіржан өз өлеңдерін оқып, марапатқа ие болды.
Ал, кітапханада өткен ауқымды шарада аға оқытушысы Рано Арынбаеваның «М.Әуезов - қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші" атты монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Кафедра меңгерушісі Жанна Ботабаева бұл еңбек зерттеушінің ұзақ жылдық ізденістерінің жемісі екендігін атап өтті.