Елбасы Жолдауының маңызын насихаттады
- 1 view
Елбасының Қазақстан халқына арнаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдауына байланысты "Сырдария" университетінде насихаттық жиын өткізілді. Жиынға оқу орнының басшылығы, құрылымдық бөлімдердің басшылары, факультет декандары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесін түсіндіру, таратып айту үшін мінберге "Құқық және экономика" кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бегім Серіков шығып, мәселені байыппен таратып берді.
"Қазақстан қазіргі таңда әлемдік сынақтарға төтеп беруге, қарқынды экономикалық, техникалық дамуға бағытталған реформаларды жүзеге асыруда. Жолдауда негізінен экономиканың, өнеркәсіптің мәселелері ғылымға, техникаға, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңалықтарына негізделген, яғни бұрынғы дәстүрлі технологиялардың барлығы ысырылып шығарылған, оның бірінші, екінші, үшіншісінен өтіп, төртіншісіне келіп отыр. Сондықтан Жолдаудың негізгі мақсаты - жаңалықтарға, жаңа технологияларға, әсіресе, ақпапарттық технологияға негізделген.
Бұл Жолдау бірден тақыр жерден болмаса табан астынан пайда бола қойған жоқ. Жолдаудың алғышарттары біраз уақыттан бері жасалып келе жатыр ел президентімен, үкімтімен, басқа органдарымен. "Қазақстан – 2050" стратегиялық бағдарламасы дамыған отыздыққа енуге бағытталған негізгі құжат. Ол өзгеріссіз қалады. Жолдау соның жалғасы, болмаса қосымшасы деп қабылдауымыз керек. Сонымен қатар бес жылдан бері ұлттық жоспар жүйелі түрде жүзеге асарылып келе жатыр. Ол бес конституциялық реформа және 100 нақты қадам. Бұл шаруалар да қазір аяқталуға жақын қалды. Бұл да осы Жолдаудың алғышарты.
Өткен жылы біраз бағдарламалық құжаттар, заңдар қабылданды. Олар өз күшінде қалады. Жолдау соның қайталап айтатын жалғасы. Қабылданған бағдарламаларды күшейте түсетін, нақтылай түсетін, технологияны қолдануға бағыттайтын құжат болып есептеледі.
Жолдауда бірінші басымдық беретін мәселе – индустриялы жаңғыру, өнеркәсіптің көшбасшысы болу деген тақырып. Бұл мәселе бойынша бірінші кезекте жаңа технологияларды орнату, жаңа жабдықтар алып келу, яғни жаңа технологиялардың трансфертін ұйымдастыру. Дамыған елдердің технологияларын қайта жасау емес, оған уақыт та жоқ. Олардың технологиясының дайын трансфертін алып келіп, біздің жағдайда сынақтан өткізіп, біздің жағдайға бейімдеп, жаңа технологияны ендіруіміз керек". Бұдан әрі мемлекет басшысының Жолдауындағы "Цифрлы Қазақстан", "Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту", "Ақылды технологиялар", "Транспорттық және логистикалық инфрақұрылымды дамыту", "Құрылыс және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу", "Қаржы секторын қайта құру", "Адами капиталды жаңғырту", "Тиімді мемлекеттік басқару", "Заң үстемдігі мен жемқорлықпен күрес", "Ақылды қалалар" мәслелеріне тоқталып, олардың мәні мен мазмұнына байланысты ой-тұжырымдарын білдірді.
"2018 жылғы Жолдауда кеңінен басымдық берілген міндет – адами капитал. Бұл бағытта президент білім берудің жаңа сапасы, медициналық қызметтің сапасын жоғарылату, әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін дамыту міндеттерін жүктеді, - деген педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н. Сейдалықызы 7-бағыты бойынша презентация жасап, педагогикалық ұсыныстарымен бөлісті. Осы міндет бойынша орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталғанын және "Педагогика және психология" кафедрасына үлкен міндет жүктелетінін атап өтті Оқу істері жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент С.Д. Мамраимов. Мемлекеттік міндеттер жөнінде өз көзқарасын, ойын айтқан Бөрі Иса да жиынға қатысушыларды бірлікке, ынтымаққа шақырды.
Жарыссөз барысында мінберге шыққан ғ.м., аға оқытушы Б.Муталиев денсаулық сақтау ісін дамытуда спорттың маңыздылығын айтса, студенттерден құралған "Елбасы серіктестері" ұйымының жетекшісі М.Бектеміс ел басшысының Жолдауындағы міндеттерді қолдайтынын және орындауға деген құлшыныстарын білдірді.
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері елімізді заманауи әлемдік өркениет шыңына бастайтыны сөзсіз.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет