«Шетел тілін оқытудың жобалық әдістеріне негізделген сөйлеу дағдыларын дамыту» семинар
- 1 view
16.11.2024ж. «Ағылшын тілі» кафедрасында «Шетел тілін оқытудың жобалық әдістеріне негізделген сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар өтті. Семинарды кафедраның аға оқытушысы Мирзагаликова С.Т. ұйымдастырып, жүргізді. Іс-шараға кафедра оқытушылары белсене қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, семинарға жоғары курс студенттері шақырылып, болашақ мамандықтарына қажетті дағдыларды дамыту және шетел тілі оқыту әдістемесімен тереңірек танысу мүмкіндігіне ие болды.
Семинар барысында жобалық әдістерді қолдану арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша әртүрлі практикалық тәсілдер қарастырылды. Әсіресе, шетел тілін меңгерудің коммуникативтік аспектілері мен жобалық тапсырмаларды тиімді ұйымдастырудың жолдары талқыланды. Оқытушылар мен студенттер топтық және жұптық жұмыс әдістерін жүзеге асырып, пікір алмасты.
Тақырып бойынша өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылып, интерактивті түрде талқыланды. Қатысушылар жобалық әдістерді қолданудың артықшылықтары мен оның студенттердің тілдік құзыреттілігін арттырудағы рөлін ортаға салды. Семинар соңында ұсыныстар мен қорытындылар жасалып, қатысушылар өз тәжірибелеріне жаңа идеялар алды.
Осындай іс-шаралар педагогикалық шеберлікті жетілдіруге және білім алушылардың шет тілін меңгеру сапасын арттыруға үлкен үлес қосады. Ал болашақ мұғалімдер үшін бұл олардың кәсіби дайындығын нығайтуда маңызды қадам болып табылады.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет