Ұлт ұстазы-Ахмет

Ұлтымыздың ұлы ұстазы, әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына биыл 150жыл. Осыған орай оқу орнымыздың қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері "Ұлт ұстазы-Ахмет"тақырыбындағы іс-шараны ұйымдастырды. Мерекелік шарада Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, тауқыметке толы тағдыры, қазақ ұлты үшін жан күйдірген таза ниеті туралы баяндалды. ПФ-19-1к тобының студенттері ұлт ұстазының нақыл сөздері мен өлең-шумақтарына тоқталып, ақын өмірінің соңғы күндерінен үзінді ретінде "Анаға хат" атты драмалық сахналық көрінісін қөрсетті. Кеш соңында Ахмет Байтұрсынұлының әні шырқалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мерекенің соңына қарай профессор оқытушылар кештің жоғары деңгейде өткенін айтып, студенттерге жылы лебізін білдіріп қорытындылады.