Ел "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап". "Бір ел-бір кітап" акциясы 2021 жыл

Syrdariya University Кітапханасы мен Жастармен жұмыс атқару бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. 

Негізгі мақсат М. Мақатаевтың “Өмірдастан” поэзиясы мен ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, білім алушылардың пікірлерін тыңдау.

 

 Акцияның мақсаты: оқырман мәдениетін колдау және дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау, отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыру болып табылады.
2021 жылдың " Бір ел - бір кітап" республикалық акциясына "Сырдария" университетінің кітапхана ұжымы "Жастар" бөлімімен біріге жұмыс жасай отырып, іс-шара ұйымдастырылды.
"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап"- атты "КІТАП КӨРМЕСІ" және дөңгелек үстел (пікірталас) электронды-виртуалды кітапханасында студенттермен өтті.
Бұл іс-шарада, кітап көрмесіне ақын жазушылардың "Поэзия", "Проза", "Әлем әдебиеті", "Балалар әдебиеті" және "Аударма", "Орыс классигі жырлары" студенттер мен оқырман жүрегінен орын алатын кітаптармен танысып, өздеріне қажетті ақпараттар алды.
М.Мақатаев "Өмірдастан" таңдамалы өлеңдер мен поэмалар.

Іс-шараның мақсаты: дөңгелек үстелде "Өмірдастан поэзиясына" ақынның өмірі мен шығармаларына шолу жасап,өлеңін оқып, өз пікірлерімен бөлісе отырып студенттер поэзияны талқыға салады.
Ақынның өлеңдері мен поэмалары тереңнен сыр тартар нәзіктілігімен оқырман қауымның ілтипатына ие болды."Өмірдастан" рухты ақынның көзі тірісінде жарық көрген соңғы кітабы. 

Поэзия... Ақын рухы!-ұлт рухының ажырамас бөлігі. М.Мақатаев ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған.


Қатысушылар: "Сырдария" университеті студенттері, жүргізіші - Қалдыбек Ж., Қт-19, 2 курс, Қт-10, 1курс, Тар-10, 1курс және Хим-био, 1 курс студенттері.
 

Бейнеролик: https://youtu.be/U7JFvmJc9Qk

 

Бейнеролик №2: https://youtu.be/q3ZrlWlGE7Y

 

Теги: