Tashenev university жаңа буын мамандар даярлап шығарады

Tashenev University ректоры Қанат Байболовтың жетекшілігімен өткен мәжілісте университеттегі оқу процесі үдерістерін тиімді ұйымдастыру, студенттер арасындағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Көтерілген мәселелер бойынша университеттің әлеуметтік және тәрбие мәселелер жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын хабарлама жасап, осы бағытта атқарылған жұмыстар мен жоспарлы бастамалар жөнінде ақпар берді.

Академиялық оқу жылының басталуымен білім алушыларға бекітілген стандарттар бойынша білім беруді ұйымдастыру, бекітілген талаптарға сәйкес оқу процесін жүргізу, оқу корпустарының жалпы дайындығы, ақпараттық және материалдық ресурстардың жүктелім деңгейі жан-жақты қарастырылып, бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Жастар арасындағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың оң тәжірибелері зерделеніп, университет шәкірттерінің тұлғалық дамуын үйлестіру, олардың қоғамдық бастамаларына қолдау көрсету мүмкіндіктері сөз болды.

Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда қолда бар оң тәжірибелерді саралап, олардың жоғары білімнің заманауи форматымен үйлесім табатын тұстарын жұмыс барысында қолдану тетіктерін айқындау мәселесіне назар аударылды.

Tashenev University алға қойған стратегиялық мақсатына сай жаңа буын мамандар даярлау миссиясын ұтымды әдістер қолдана отырып жүргізетін болады.