Халықаралық стандарттарға сай сертификаты берілді

Университетімізге Халықаралық ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес тәуелсіз аудиторлық ұйымнан (IQNet Халықаралық сертификаттар жүйесінің партнері — Түрік Стандарттары институты ТСИ, Анкара) сыртқы аудитор өкілдері Расим Йылмаз аудит жүргізді. Шараға бас аудитор Хидает Шахин online қатысты.
Аудиторлар университеттің құрылымдық бөлімдерін аралап, жүргізілген жұмыстардың ISO 9001:2015 стандарты баптарында көрсетілген талаптарға сәйкестігіне, белсенділігіне және жүйелілігіне оң бағасын берді. Жалпы сыртқы аудит қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін тексеріп, оны сертификаттайды. Осы орайда Tashenev University бекітілген талаптарға сай екені дәлелденіп, нәтижесінде сертификатқа ие болды.