Бітірушілердің іс-тәжірибедегі әсерімен бөлісу

«Сырдария» университеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасының 2021 жылғы болашақ түлектерінің педагогикалық практика есебіне талдау жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысы, студенттердің педагогикалық іс-тәжірибедегі өздеріне қиын да қызықты болған оқиғаларын баяндаумен жандана түсті. Сонымен қоса, түлектеріміздің оқытудың жаңа форматына өткізілуіне қарамастан ұлағатты ұстаздарынан алған білім мен тәжірибесін оң қырынан көрсетіп, түрлі мадақтамаларды иеленгені көз қуантты.
«Ұстаз – шәкіртімен мақтанады» дегенге сайсақ біздер қашанда өз шәкірттерімізбен мақтанамыз және әр уақытта демеу беруге әзірміз. Сонымен қатар жастарымыздың көкке ұмтылған қанаттары талмай, биік белестерді бағындырып, елімізді еңселі елдікке, тәуелсіздігімізді тұғырлы шебіне жеткізу жолында күрес жүргізуіне тілектеспіз!
 

Теги: