ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ СТУДЕНТТІК ҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ
- 1 view
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕР ҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Жұмабек Тәшенов атындағы университеттің студенттеріне арналған 150 орындық жаңа жатақхананы аралап көрді. Бұл ғимарат студенттердің жайлы тұруы мен сапалы білім алуы үшін барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген.
«Жұмабек Тәшенов атындағы университеттің студенттеріне арналған жаңа жатақхананы аралап көрдім. Бұл нысан студенттерге қолайлы жағдай жасау мақсатында салынған. Білім сапасын арттыру мен жастардың жан-жақты дамуы үшін осындай әлеуметтік инфрақұрылым маңызды рөл атқарады», – деді қала әкімі.
Сонымен қатар, Ғабит Сыздықбеков университет басшылығымен кездесіп, білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен студенттер алмасу бағдарламаларының маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, Жұмабек Тәшенов атындағы университетінің басым бағыттарының бірі – интернационализация және халықаралық серіктестік. Қазіргі таңда университет ағылшын тілінде екі білім беру бағдарламасын жүзеге асырады: Management Information Systems және Business Administration.
Сонымен қатар, білім ордасы Ұлыбританияның Queen Margaret University және Keele University университеттерімен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Бұл бағдарламалар IT, дизайн, бизнес-әкімшілік, білім берудегі көшбасшылық және менеджмент бағыттарын қамтиды.
Бүгінгі таңда Жұмабек Тәшенов атындағы университетінде 9000-нан астам студент білім алады. Университет бакалавриаттың 13 бағыты және магистратураның 5 бағыты бойынша мамандар даярлайды. Сонымен қатар, студенттерге жайлы жатақханалар мен сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған.
Жұмабек Тәшенов атындағы университет – сапалы білім беру мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған заманауи оқу орны. Университеттің стратегиялық мақсаты – халықаралық стандарттарға сай жоғары білім беруді қамтамасыз ету.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет