"Біз соғысты көрген жоқпыз"

Кітапхана ұжымы ұйымдастырумен: Малдыбекова П., Агубаева Г, Батырханова С. 
Қатысушылар: «Сырдария» университетінің студенттері Ноғайбек Е. Тар-10, Қожан С. Хим-10, Тұлбасаев Н. Шт-19.
7-9 мамыр Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған «Біз соғысты көрген жоқпыз» деген тақырыпта студенттер арасында іс-шара және кітап көрмесі өткізілді. 
«Біз соғысты көрген жоқпыз, Естідік,
Соғыстан соң туғандарымыз, етек жауып, ес біліп. 
Соғыс үні жетім болып, жесір боп, 
Тұратындай әлі бізге естіліп…»
Соғысты көргеніміз жоқ, ол туралы естідік,
Соғыс туралы оқыдық. Соғыс туралы фильмдерді көрдік.
Біз соғыс қасіретін шеккен жоқпыз. Алайда қанқұйлы жылдар туралы ондаған өлең, жүздеген роман, мыңдаған мақала жазылды, қаншама кинокартиналар бар. Олардың қатары күн санап көбейіп келеді.

9 мамыр Жеңіс күніне орай оқырмандарға 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында «Ұлы Жеңіс жасасын!" атты бейне ролигін ұсынады.


Бейнероликтер:
1. Ұлы Жеңіс жасасын! 
https://youtu.be/exWIx5eYt4w
2. Студенттер https://youtu.be/3_Ghm-5br10

Теги: