Студенттерге және ғылыми-педагогикалық кадрларға арналған брифинг өткізілді

2017 жылдың 14-қыркүйегінде "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелде білім алу, "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау, үміткерлерді іріктеу қағидаларымен таныстыру мақсатында студенттерге және ғылыми-педагогикалық кадрларға арналған брифинг өткізілді.

Ғылыми істер жөніндегі проректор Тажекова Ақмарал Жақсыбекқызы брифинг жоспарына орай "Болашақ" бағдарламасындағы өзгерістер туралы, яғни "Болашақ" бағдарламасының талаптары және оған құжат тапсырудың жолдары мен жаңа оқу жылындағы өзгерістерін түсіндіріп өтті.

"Тілдер" кафедрасының оқытушысы Ертай Жақсылық білім бағдарламасындағы TOEFL және IELTS-тың ерекшеліктеріне тоқталып, ағылшын тілін үйренудің, білудің деңгейлері қалай анықталатыны және оны тапсыру жолдарын да таныстырды. Сонымен бірге аға оқытушы Бакиров Ержан магитрстураға түсу құжаттары жөнінде студенттерге мәлімет берді.

Іс-шараны өткізген г.ғ.к Ақмарал Жақсыбекқызы студенттердің ғана емес, оқытушылардың да "Болашақ" бағдарламасы бойынша білімін арттыруға мүмкіндіктер мол екенін айтып, білім алуға шақырды.

Баспасөз қызметі