Жаңаша бағыт түсіндірілді

Жұмабек Тәшенев университетінің "Алтын Орда" ғимаратында филология факультетінің бірінші курс студенттері университет ректоры Қанат Сейітжанұлы Байболовпен өткен сұхбат кездесуіне қатысты. Жиынға университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Парида Тұрғынбайқызы Байнеева, оқу орнымыздың тіркеу және студенттік кеңсе бөлімінің басшысы А.Жүнісова қатысты.
Ашық диалог алаңы форматында өткен жүздесуде университет ректоры жастық дәуреннің есте қаларлық ең керемет шақ студенттік өмірдің маңызы мен мазмұнына тоқталып, жоғары білім алуға ұмтылған жастардың арман-мұраты жөнінде ой қозғады. Тәшенев университетінің студенттердің білім сапасын арттыруға, білім алушыларға үздік білім стандарттарына сай университеттік білім беруде қолға алынған жаңашылдықтар туралы ақпар беріп, оқу орнымызда бекітілген ішкі тәртіп пен ережелер туралы кең көлемді сұхбат жүргізді.
Университет проректоры Парида Тұрғынбайқызы студенттерге "Оқытудың кредиттік технологиясы" туралы талаптарды түсіндіріп, оқуын жаңа бастаған студенттерге университеттік білім қызметін алуға жасалған мүмкіндіктер туралы жан-жақты баяндады. Жиынға қатысқан білімгерлер университет басшылығына ашық диалог алаңын ашып сұхбат жүргізу мүмкіндігін жасағаны үшін алғысын білдіріп, өздерін толғандырған мәселелер бойынша толыққанды жауап алды. Университет басшылығының мұндай форматтағы жүздесулері алдағы уақытта тұрақты жалғасатын болады.