Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Бүгін 01.11.2021ж. күні Түркістан облысы Жетісай қаласы "Сырдария"университетінің "Заңтану және экономика" факультетінің "Құқық және экономика" кафедрасының оқытушысы М.Қ. Маметова Қаржы-11, Қаржы-18, Қаржы-19 топ студенттерімен "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында ашық тəрбие сағатын жоғары дəрежеде өткізді! Ашық тəрбие сағатына кафедра оқытушылары: ғ.м., аға оқытушы М.Ж. Ихласова, ғ.м., аға оқытушы Ж.С. Нұрмұханов жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" іс-қимылының маманы: Н.Б.Қонарбаева қатысты.

Мақсаты:
1. “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, кітаптар, қима қағаздар.

 Ашық сабақ барысы: Қаржы-18 тобының студенті Абжалил Бақберген 
 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты баяндама жасап, «Сырдария» университетінің студент жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендігін атап өтті жəне осы жағдай алдағы уақытта кездесіп жатса қарсы тұратындығын айтты. Сабақта топтық жоба ұйымдастырылып, сұрақ-жауап сайысымен жалғасты жəне студенттер өз ойларын өлең шумақтармен білдірді. Қаржы-19 тобы студенті Шарипбай Мұхит: "Бүкіл әлемге өзінің бір тұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы." - деп түйіндеді.
 Құрметті жас мамандар, әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар деп оқытушы М.Қ. Маметова тəлімгерлік ашық сабақты қорытындылады. 

 Тәлімгер сағатына «Құқық және экономика» кафедрасының оқытушылары ғ.м. аға оқытушы М.Ж. Ихласова., жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" іс-қимылының маманы: Н.Б. Қонарбаева сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша өз пікірлерін білдірді.

Тәлімгер сағатының қорытындысы: Тәлімгер сағаты тақырыпқа байланысты жүргізіліп, тақырып толық ашылды. Топ тәлімгері тәрбие сағаттың жақсы өткендігін және студенттердің барлығы белсенді қатысқандығын айтып, бүгінгі сабаққа өте жақсы деген баға берілді.