ЖАС ҒАЛЫМ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
- 1 view
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №600 бұйрығына сәйкес «Сырдария» университеті «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Небесаева Жанар Орынбекқызы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.
Жас ғалымның авторлығымен 100-ден астам ғылыми мақала мен 1 монография 5 оқу құралы, төрт тілде жазылған 1 сөздік, 5 авторлық куәлігі жарық көрген. Сондай-ақ ол Білім және ғылым министрлігінің 2 гранттық қаржыландыру аясындағы ғылыми жоба орындаушысы.
Бүгінде «Сырдария» университетінде білім алушыларға «Композиция», «Академиялық сурет және конструкциялы материалдар технологиясы» курстары бойынша дәріс оқиды.
Coursera, FutureLearn платформалары негізінде білім беру бағдарламасы бойынша жаппай ашық онлайн курстар платформасы негізіндегі (University of California, The Hong Kong university of science and technology) біліктілігін арттырған. Сонымен қатар, Акдениз университетінде (Түркия) бейіні бойынша ұзақтығы кемінде 1 ай шетелдегі ғылыми тағылымдамадан өткен.
Құттықтаймыз!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет