Студенттеріміздің жетістігі

Университетімізде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, олардың ғылыми құзыреттілігін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстардың жоғары деңгейін көрсететін бірқатар іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мұндай шараларға әсіресе «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасы ерекше үлес қосуда. 

 «Бастауыш білім және өнер» факультетінің 1 курс студенттері Әбдікәрім Айшабибі Баймаханқызы, Абдиева Дариға Халчыбайқызы және Төребекқызы Лаура «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен қашықтықтан өткізілген 5-ші Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары байқауына қатысты. «Қазіргі әлемдегі ғылым» тақырыбы бойынша бірінші орынға ие болды.

Студенттердің жоғары жетістіктері үшін студенттердің ғылыми жетекшілері Қонақбаева Ұлжамал Жандаралиевна мен Қозыкеева Райхан Әбілдақызы да дипломдармен марапатталды.