ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНЕР

"Сырдария"  университетінде ғылыммен айналысуына шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге барлық мүмкіндіктер жасалған. 
"Спорт және өнер" факультетінің студенттері республикалық және халықаралық шығармашылық, ғылыми-практикалық конференция, ғылыми зерттеу жұмыстары, конкурстар, әртүрлі деңгейдегі дөңгелек үстелдерге белсене қатысып, марапаттарға ие болып отыр. 
Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткен студенттердің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауынан «Қазақстанның аймақтық музыкалық дәстүрлерін зерттеуге қосқан үлесі үшін» «Спорт және өнер» факультетінің "Музыкалық мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасының 4- курс студенті Мамадияр Мустафали «Бөрі Исаның шығармашылық ұстаздық тағлымы» атты мақаласы үшін марапатталды.
Сырдария университетінде өткен Ұлы ұстаз А. Байтұрсынұлының 150-жылдығына арналған «Жаңа Қазақстан: Жастар және ғылым» атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі VIII -республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы студенті Қадыр Мерей белсене қатысқаны үшін марапатталды.
Студенттерімізді құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз. Ғылым жолын, ғылыми-зерттеу жолын таңдаған студенттерімізге қадамдарына сәттілік!