Студенттеріміз жүлделі оралды

Университетіміздің студенттері Алматы қаласындағы мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен өткен «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы эссе байқауында жүлделі орындарды алып келді. 
«Филология» кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының студенттері өз эсселерінде туған тілімізге деген құрметті және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жастарға басымдық берілгенін, Жаңа Қазақстандағы жарқын болашақ туралы атап өтті. 
Байқау қорытындысымен Tashenev University студенттері Айымхан Бескепмір мен Арайлым Әшірәлі жүлделі 2-ші орынды еншіледі. Ал, олардың жетекшілері Әбдіжалил Ақкөзов пен Айжан Байболоваға Алғыс білдірілді.