Құрметті ғалымдар, әріптестер, білім алушылар!

«Сырдария» университеті  Сіздерді бүгінгі «Ғылым күнімен» құттықтайды!
Барлық уақытта Ғылым - ғылыми-техникалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, ұлттық байлықтың маңызды құрамдас бөлігі, экономика, медицина, білім беру, бүкіл әлеуметтік саланың қуатты ресурсы, ал Ғалымдар - қоғамның элитасы және елдің ең құнды қазынасы.
 Әрбір өнертабыстың, әрбір жаңа технологияның артында белгілі бір адамның ғылыми батылдығы мен зерттеушілік құштарлығы тұр. Сондықтан да бүгінгі күн  - ғылымның дамуына зияткерлік үлес қосқандар үшін маңызды күн. Ғылым - тәуелсіз шығармашылық адамдардың ісі. Ғасырлар бойы көрнекті ғалымдар бүкіл әлемге үлкен пайда әкелген көптеген маңызды жаңалықтарды ашты, бұл әлем мен ғаламды жақсырақ түсінуге, зерттеу көкжиегін кеңейтуге және жаңа білімге жол ашуға көмектесетін ғалым зерттеушілердің еңбегінің нәтижесі деп білеміз. 
Осы маңызды күні барлығымызға қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмауды, ғылыми әзірлемелерді жалғастыруды, алдымызға жаңа міндеттер қоюды және оларды табысты шешуді тілейміз. 
Ғылыми зерттеулердің деңгейі мен қарқыны одан әрі арта берсін. Барлықтарыңызға өмірлік қуат, денсаулық және жаңа маңызды жетістіктерге шабыт тілейміз!