«Тайбурылмен арманға бір қадам!»

Ж.Ташенев атындағы университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1,4 курс студенттері Маржан Сақтағанова мен Ақнұр Жұмашова "TAIBURYL" қоғамдық бірлестігінің “Білімді қолдау» бағдарламасы аясында берілген гранттың иегері атанды. «Қазақстан халқына ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында өткізілген осынау байқауда студенттеріміз үлкен жетістікке жетті деп, қуанышпен айта аламыз.
Біз өз тарапымыздан талантты жастарымызды оқу орнымыздың атын асқақтата беруіне шын жүректен тілектеспіз. Аталған грант-Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавр және магистратура білімдік жүйесімен оқитын студенттерге оқуының бір жартыжылдығын төлеу үшін берілетін ақша құны болып табылады. Бұл педагогикалық, гуманитарлық, техникалқ, қоғамдық және экономика ғылымы саласында оқитын, талантты студенттерге оқуын төлеу үшін бағытталған жаңа қадам болып табылады.