Біздің болашақ дизайнерлер топ жарды

Жуырда Орал қаласында алғаш рет «AQJAIYQ FASHION FESTIVAL» халықаралық сән фестивалының аясында «Қыз Жібек» байқауы болып өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен және Татарстан, Қырғызстан сынды шет мемлекеттерден келген қонақтар мен қатысушылардың қатарында Tashenev University «Өнер және дизайн» кафедрасының 1-курс студенті Зухра Байбекова да болды. Байқауға факультеттің аға оқытушысы Камила Асылованың жетекшілігімен тігілген «Қыз Жібек» образындағы киім үлгісі ұсынылды. Жалпы байқаудың мақсаты да ең үздік «Қыз-Жібек» образына сай киім үлгілерін анықтау, заманауи этно бағыттағы киім үлгісін тарихпен ұштастыру болатын.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар арасында біздің университте тігілген этно бағыттағы ұлттық киім қазылар алқасының оң шешіміне ие болып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
 

Оқиға категориялары