ҚҰҚЫҚТЫҢ ШЫҢЫНА ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ АРҚЫЛЫ ҚАДАМ БАС!

Algabas

Қазіргі таңда құқықтық білімнің маңызы артып келеді, себебі қоғамдағы әрбір саланың дамуына құқықтық негіздер мен реттеулер қажет. Осы орайда, құқықтану мамандығы – болашақ құқық қорғаушылар мен заңгерлерді даярлайтын маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Тәшенев Жұмабек Ахметұлы университеті «Құқық және бизнес» кафедра- сының осы салада білім алып, құқықтық тұрғыдан кәсіби мамандар даярлауға ерекше көңіл бөледі.
Тәшенев университеті –еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Оның білім беру жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкестігін халықаралық аккредиттеуден сәтті өткендігін дәлелдейді. Ал университеттің профессорлық оқытушылар құрамы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында еңбек өтілімдері бар құқық саласындағы үздік мамандар болып табылады. Құқықтану мамандығы бойынша білім алу үшін университет студенттеріне жоғары сапалы білім мен заманауи оқыту әдістері ұсынылады. Жалпы құқық саласына қарай университетте 6В04201 – «Құқықтану», 6B04202 – «Бизнес және құқық», 6B04203 – «Басқарушылық және шаруашылық қызметті құқықтық реттеу, білім беру» бағдарламалары қарастырылған.
Сонымен қатар, студенттердің теориялық алған білімдерін практикада шыңдау мақсатында университеттің мемелекеттік және құқық қорғау органдарымен түзілген келісім-шарттар бойынша іс тәжірибеден өтіп, нақты өмірде жұмыс істеуге дайын болады. Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы да студенттеріміздің нарықта бәсекеге қабілетті болуға бағытталған саясатының да жүзеге асырылатынын атап өтуге болады. ҰБТ-де жоғары балл алған тұлғаларға Тәшенев тартуы бойынша тегін білім алу да қарастырылған.
Тәшенев университетінде студенттер тек теориялық білім ғана алып қоймай, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды да меңгереді. Құқық факультетінің оқытушылары өз саласының білікті мамандары болып табылады және студенттерді нақты жұмыс процесіне жақындата отырып, оларға кәсіби дағдыларды үйретеді. Университеттің құқық қорғау органдары бойынша түзілген келісім-шарттар сот процестеріне қатысу сияқты тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.
Құқықтану мамандығы бойынша Тәшенев Жұмабек Ахметұлы университетіне қабылдану үшін үміткерлер ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысып, шекті балл бойынша 75 балл болуы керек. Сонымен қатар, университет студенттерді іріктеу барысында жоғары академиялық нәтижелерді, білімге деген ынтаны және құқық саласындағы қызығушылықты ескереді. Универ- ситеттің қабылдау комиссиясы барлық үміткерлерге қажетті ақпаратты ұсынып, оларды қабылдау процесінде бағыт-бағдар береді.
Тәшенев Жұмабек Ахметұлы университеті – болашақ құқық қорғаушылар мен заңгерлер үшін үздік білім ордасы. Егер сіз құқық саласында білім алып, кәсіби маман болуды өз өміріңіздің межесі ретінде қарастыратын болсаңыздар, Тәшенев Жұмабек Ахметұлы университеті сіз үшін дұрыс таңдау болып табылады. Заманауи оқу әдістері, жоғары білікті оқытушылар құрамы және практикалық тәжірибеге негізделген оқу жүйесі жас талапкер - cіздің арманыңыздың жүзеге асуына кепіл бола алады.
Білім алу мен мансап құру үшін Тәшенев Жұмабек Ахметұлы атындағы университетті таңдаңыз!

Нұржан КЕНЖЕБАЕВ, Тәшенев Жұмабек Ахметұлы атындағы университеті,
«Құқық және бизнес» кафедрасының магистр оқытушысы.

 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары