Этика және ғылыми адалдық
- 1 view
Ғылыми адалдық және ғылыми этика қағидаларын сақтау ғылыми қызмет үшін өте маңызды, оның мақсаты біздің біліміміздің шекарасын кеңейту және қоғамның мойындауына ие болу болып табылады. Ғылыми этика қағидалары әртүрлі жолдармен бұзылады, мысалы: ғылыми әдістерді ұқыпсыз қолданудан немесе деректерді ұқыпсыз құжаттаудан бастап, қасақана бұрмалау немесе алдау сияқты ауыр ғылыми қылмыстарға дейін. Мұндай бұзушылықтар ғылымның мәніне яғни, тексерілген нәтижелерге негізделген білім алуға бағытталған жүйелі зерттеу үрдісіне қайшы келеді. Сонымен қатар, олар қоғамның ғылыми нәтижелердің сенімділігіне деген сенімін бұзады және ынтымақтастық пен еңбек бөлінісі нормаға айналған қазіргі кездегі ғылыми жұмыстың маңызды шарты болып табылатын ғалымдардың өзара сенімін бұзатыны тағы бар.
Ғылымдағы адалдықтың алдын алу үшін ережелердің бір жиынтығы жеткіліксіз болса да, тиісті сақтық шаралары ғылыми этика нормалары туралы үнемі хабардар болып отыратындығына кепілдік бере алады. Бұл оны бұзу жағдайларының санын азайтуға айтарлықтай үлес қосады.
Ғылыми этика ережелерінің негізгі бөлімдері жалпы ғылыми жұмысты жоспарлауға қойылатын мынадай талаптарға сүйенеді: нақты ғылыми пәнде қолданылатын деректерді алу және іріктеу ережелерін дәл сақтау, бастапқы деректерді қорғауды және сақтауды сенімді ұйымдастыру, барлық маңызды нәтижелерді нақты және толық құжаттау, жасырын, аксиоматикалық болжамдарды түсіну, жеке қызығушылықтан немесе тіпті этикалық сипаттағы себептерден туындаған ақпаратты дұрыс деп қабылдауға тырысу, зерттеу нысанын орнатудың әдістемелік шектеулі мүмкіндігі нәтижесінде дұрыс емес түсіндіру ықтималдығына мұқият қарау секілді ғылыми тұжырымдамалардың ережелерін сақтайды. Сондай-ақ, ғылым саласындағы адалдық әріптестер мен ғылыми ізденіс нәтижелерін жариялау саласының қызметін де қадағалап отырады. Жарияланымдар ғылыми нәтижелерді ғылыми қоғамдастық ішінде және көпшілік арасында таратудың маңызды тәсілі болып табылады. Осылайша, авторлар ғылыми сенімділігі үшін жауап беретін нәтижелерді жариялайды. Сонымен бірге, жарияланымды баспаға даярлау барысында қолжазбаны қатаң түрде сын-пікірден (рецензиялаудан) өткізеді. Бұл өз кезегінде, пікір беруші ғалым үшін де жауапкершілікті арттырады.
Ғылыми этика нормаларында, біріншіден, жалпыға бірдей моральдық талаптар мен тыйымдар ғылыми қызметтің ерекшеліктеріне бейімделген. Мысалы егер ғалым ғылыми идеяларды, басқа бір ғалымның алған нәтижелерін өзінің жетістіктері ретінде таныстырса, немесе тәжірибе барысында алған деректерді қасақана бұрмалау орын алса, бұл әрекет плагиат деп саналады және ғылымда ұрлыққа ұқсас әрекет ретінде бағаланады.
Ғылымның этикалық нормалары ғылымға тән нақты құндылықтарды бекітуге және қорғауға қызмет етеді. Олардың ішінде біріншісі - жанқиярлық шындықты іздеу және оны қорғау маңызды. Мысалы, Аристотельдің: «Платон менің досым, бірақ шындық қымбатырақ», - сөзі кеңінен белгілі, оның мәні шындықты іздеуде ғалым өзінің жанашырлығы және антипатиясымен де, басқа да жағымсыз жағдайлармен де қарастырылмауы керек. Ғалым ғылыми зерттеулермен табысты айналысу үшін ғылыми этика қағидаларын сақтауы тиіс. Ғылымда идеал ретінде ақиқат алдында барлық зерттеушілер, егер сөз ғылыми дәлелдер туралы болса, ешқандай бұрынғы еңбегі назарға алынбайды деген қағида жарияланған. Зерттеу нәтижелерін баяндаудағы ғылыми адалдықтың талабы ғылыми этостың маңызды принципі болып табылады. Ғалым қателесуі мүмкін, бірақ нәтижелерді жоюға құқығы жоқ, ол жасалған жаңалықты қайталай алады, бірақ плагиатпен айналысуға құқығы жоқ.
Жоғарыда аталған ғылыми этика нормалары мен олардың ерекшеліктері жалпы ғылыми этика кодексінің негізін құрайды. Кез-келген жоғары оқу орны ғылым мен білімді үйлестіріп, дамытушы мекен ретінде осы маңызды құжаттың ережелеріне бағынады. Осы орайда, «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар, жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін үйлестіру мен ұйымдастыру барысында әдеп кодексін ережелерін бекітіп, соған сәйкес ҒЗЖ атқаруда. Мәселен, ҚР БҒМ тарапынан қойылған маңызды міндеттемелердің бірі – бітіруші түлектердің дипломдық жұмыстарын антиплагиат жүйесінде міндетті түрде тексерістен өткізу. Жүктелген міндетті университет тарапы ойдағыдай жүзеге асыруда. Авторлық сілтемесі көрсетілмеген мәтіндерді тексеру барысында университет арнайы заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтерін кеңінен қолданады. Бұл өз кезегінде студенттерді ғылыми этика нормаларын сақтау ғылыми және академиялық қауымдастық алдындағы жауапкершілікті сезінуіне ықпал ететіні анық. Дипломдық жұмыстар, магистрлік диссертациялармен қатар, қазіргі таңда профессор-оқытушылардың монография, оқулық, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтары мен ғылыми мақалалары да антиплагиат жүйесінде жіті тексеруден өтеді.
Күнделікті өзгеріске ұшырап жатқан ақпараттық әлемнің кеңістігінде заманауи әзірлемелерді біліп, оларды қолданып отыру қазіргі таңда барлық кәсіп иелеріне қажетті құзіреттілік болғаны айқын. Осы орайда, ғылыми этика мен ғылымдағы адалдық нормалары, оны сақтаудың маңыздылығы бойынша университет тарапынан арнайы семинарлар ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ, ғылыми қауымдастыққа өте жақсы таныс американдық Clarivate Analytics компаниясының және нидерландық Elsevier баспаханасының осы тақырыпқа байланысты арнайы семинарлары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіліп тұрады.
Өңірдегі ғылым мен білімді игеруші бірден-бір мекеме ретінде «Сырдария» университеті ғылыми адалдық нормаларын сақтауда әлемдік тенденциялардан қалыс емес және оны жүзеге асыру үшін жүйелі түрде жұмыс атқаруда. Ғылыми адалдық тек ғылыми және академиялық қауымдастық тарапынан ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну мен отандық ғылым дәрежесінің айқын көрінісі екені анық.
Абдуразова Перизат Әділбекқызы
Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, PhD доктор
«Сырдария» университеті
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу