«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ШЕШІМІН ҚОЛДАЙДЫ

Жаңа Жетісай

Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан - басты байлығымыз. Тәуелсіздік сынға түскен сәтте бірлігімізді нығайтып мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жанында топтасып, оның жүзеге асырып жатқан саясатын толық қолдаймыз!
Елімізде елең алған жағымсыз оқиғаларға қатты күйінеміз, сондықтан біз, Жиделібайсын жеріндегі жоғары білімнің ақ шаңырағы - «Сырдария» университеті студенттері және профессор-оқытушылары Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірге екенімізді жариялаймыз.
Елімізге тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдегі ең үлкен қауіп-қатер төніп, халқымыз үшін сын сағаты туып отыр. Елдің елдігі мен ердің ерлігі осындай сын сағаттарда айқын көрінеді. Ел Президенті Қ.К. Тоқаев осындай қиын-қыстау сәтте өз халқымен бірге болып, елді бірлікке үндеп, сабырға шақырып, тығырықтан жол таба білді. Мемлекет басшысы өзінің халықаралық аренадағы беделінің де жоғары екенін айқындады. Бұл біздің мемлекетіміздің тұрақтылығына және оның жарқын болашағына үлкен сенім туғызады.
Ел басына күн туған қиын кезеңде елдігі мен бірлігін көрсете білген халық қана сын-қатерлерге төтеп бере алмақ. Университет жанынан елге төнген қауіпті ауыздықтау, ел тәуелсіздігін тұтастай сақтап қалу және Президент шешімдерін халық арасында дұрыс түсіндіру мақсатында ерікті студент жастардан топ құрылғанын хабарлаймыз.
Жастарды мемлекетіміздің тыныштығын бұзған арандатушыларға ермей, ел игілігі мен халық мүддесі үшін білім алуға, еңбекетуге шақырамыз!
Еліміздің еңсесі биік, Туы жоғары болсын!
«Сырдария» университеті ұжымы, профессор-оқушылары, Жиделібайсын жерінің жастары Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенеміз, біргеміз.
Президент қойған міндет-мақсаттарды бұлжытпай орындаймыз. Отан үшін жан пида! Жасасын Тәуелсіз Қазақстан!
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.