Шеберлік дәріс

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті студенттер, жас ғалымдар және профессор-оқытушылар қүрамы!
Білімгерлердің ізденуге деген қабілеттерін жетілдіру мен оқуға қүштарлығын ояту мақсатында Филология факультеті аптасына бір рет «Кәсіби даму» күнін жариялап отыр.
Осыған орай, Президент сыйлығының лауреаты, танымал журналист, публицист, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қоғам қайраткері Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов білім алушыларға «Бүгінгі балалар әдебиеті» тақырыбында шеберлік дәрісін өткізеді.
Студенттермен кездесу барысында қарымды қаламгер өзінің шығармашылық жолының бастауы, ізденіске толы жылдарындағы өмірбаян соқпақтары, балалар әдебиетіне келуіне эсер етіп, ықпал жасаған жайттар, тақырып таңдаудағы қағидаттарын кең көлемде баяндап, өз тэжірибесімен бөліседі.
Өтететін күні: 29.11.2023 жыл
Уақыты: сағат 11 30
Орны: 414 дәрісхана
Ұйымдастырушы: Филология факультетінің деканаты