Құрметті талапкер!
- 1 view
АККРЕДИТТЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР: ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ШАҚЫРАДЫ!
Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университет сапалы білім беруді қамтамасыз етіп, оқу бағдарламаларын үздіксіз жетілдіріп келеді.
2025 жылғы 16 мамырда Қазақстандық тәуелсіз аккредиттеу орталығы (НҚАО) университеттің бірқатар білім беру бағдарламаларын 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өткізді.
Аккредиттелген бағдарламалар қатарында:
– 6В04203 – Басқару және шаруашылық қызметті құқықтық реттеу
– 6В04104 – IT-менеджмент
– 6В01511 / 14 / 15 / 17 / 33 – Пәндік педагогикалық бағыттар: математика, физика, биология, информатика, география
– 6В06103 – Басқару ақпараттық жүйелері
– 6В02121 – Эстрадалық вокал
– 6В01406 / 08 / 09 – Көркем өнер, музыкалық білім және дене шынықтыру
– 6В01707 / 08 / 10 – Шет тілі, орыс және қазақ тілі мен әдебиеті
– 6В01103 – Психология, 6В01202 – Мектепке дейінгі білім беру, 6В01302 – Бастауыш оқыту
және басқа да бағыттар бар.
2025 жылы университетте 56 бакалавриат және 12 магистратура бағдарламасы қолжетімді.
Мамандықтардың толық тізімімен осы постымызда және «Талапкер» бөлімі мен Instagram парақшамыздағы «Актуальные» стористер арқылы танысуға болады
Аккредитация – бұл сапаның кепілі, оқу бағдарламаларының заманауи талаптарға сәйкестігін білдіреді. Біздің түлектер – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби даярлығы жоғары мамандар.
Университет ректоры Қанат Сейтжанович Байболовтың кәсіби бағдарға қатысты пікірі:
«Мамандықты дұрыс таңдау – жарқын болашаққа салынған инвестиция. Біз студенттерге тек білім ғана емес, ертеңге деген сенім бергіміз келеді. Ташенев университеті – бұл даму, өсу және шынайы мүмкіндіктер мекені.»
Білікті маман болғың келсе – аккредитациядан өткен университетті таңда!
Барлық сұрақ бойынша: @tashenev_talapker