Тарихпен тілдесу

2021 жылдың 17 қарашасында «Отан және шетел тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне виртуалды саяхат өткізілді. Виртиуалды саяхатқа кафедра профессор-оқытушылары, Мақта шаруашылығы музейінің директоры Тәжібекеев А, Дарын мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Молдадосова А және факультет студенттері мен Дарын мектеп-интернатының үздік оқытушылары қатысты.
Виртуалды саяхат барысында экскурсиялық жұмыстар музей педагогикасы және экпозияциялық залдарды сақтау қызметінің әдіскері Кенал Анел Қайратқызы мұражайдың көз тартар тарихи маңызы мол құнды жәдігерлерімен, атап айтқанда: Астана, Тәуелсіз Қазақстан, Алтын, Ежелгі және орта ғасыр тарихы, Тарих, Этнография және Қазіргі заманғы өнер залдарымен таныстыра отырып, мұражайдың тыныс-тіршілігін жіті жеткізе білді.
Экскурсия соңында қатысушылар экспозициялық залдарды тамашалап, қазақ халқының көп ғасырлық тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысып ұлттық өнеге мен мол тарихи тағылым ала білді.
 

Теги: