"Сырдария" университеті Сіздерді білім жолында дамылсыз еңбек етуге шақырады
- 63 views
Көптеген студенттер жоғары оқу орындарында білім алуға қызығушылық танытады, мұнда оларды қызықтыратын салада табысты мансап құру ықтималдығы жоғары. Студенттер оқу кезінде қандай тәжірибе жинайтынын, университет қандай тағылымдамалар ұсынатынын, оқу кезінде және оны бітіргеннен кейін жақсы жұмыс орнын табуға көмектесетінін білгісі келеді.
1998 жылы 27 шілдеде ашылған «Сырдария» университеті – еліміздің оңтүстік қиырында, Өзбекстан мемлекетімен шекаралас жатқан шалғайдағы Мырзашөл өңірін өркениетті, мәдениетті аймаққа айналдырып отырған оқу ордасы.
«Сырдария» университеті - Педагогикалық ғылымдар, Өнер және гуманитарлық ғылымдар, Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, Бизнес басқару және құқық, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру салалары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін Қазақстан Республикасының заманауи көп бейінді жоғары оқу орны.
Білім және ғылым сапасын сараптау бағыты мен ұлттық экономикаға қосқан үлесі бойынша қомақты табыстарға қол жеткізген. 2019 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізген Топ-20 бас рейтингінде 16-орынды, 2020 жылы 17-орынды иеленген.
«Сырдария» университетінің қабылдау комиссиясы 2021-2022 оқу жылына күндізгі және қашықтықтан оқыту бөліміне, сонымен қатар магистратура бойынша талапкерлердің құжаттарын қабылдау жұмысын бастады.
«Сырдария» университетінің қабылдау комиссиясының мақсаты – студенттер контингентін қалыптастыру және ұйымдастыру.
Қабылдау комиссиясының негізгі міндеті – жастарды бейімдік ерекшелігіне қарай саналы түрде бәсекелестікке бейім білім беру бағдарламаларын таңдай білуге үйрету және педагог мамандықтарға жастардың қызығушылығын алдын-ала қалыптастыру.
Қабылдау комиссиясы келесі қызметтерді атқарады:
• Қабылдау комиссиясы жаңа оқу жылына жұмыс жоспарын дайындау және бекіту;
• ҚР БЖҒМ «Жоғарғы оқу орнына қабылдау типтік ережесіне» сәйкес университеттің қабылдау ережесін дайындау;
• ҚР БЖҒМ «Жоғарғы оқу орнына қабылдау типтік ережесімен» университеттің құрылымдық бөлімдерін, факультет, кафедралар арасында семинар ұйымдастыру;
• Түркістан облысы және Шардара, Келес аудандарының мектептерінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында өңір бойынша жауапты факультеттерді, кафедраларды және құрылымдық бөлімдерді бекіту;
• Университет және университеттің білім беру бағдарламалары бойынша аудандық, қалалық газеттерге мақалалар жариялау;
• Талапкерлерден құжаттар қабылдауды ұйымдастыру;
• Шығармашылық және арнайы емтиханның ережелерін дайындау және ұйымдастыру;
• Шығармашылық және арнайы емтихан сабақтарынан консультация ұйымдастыру;
• Шығармашылық және арнайы емтихан қабылдауды ұйымдастыру;
• Талапкерлердің құжаттарын қабылдау, ұйымдастыру және мемлекеттік грант иегері болу үшін конкурсқа қатысу, студенттер құрамына қабылдау;
• Талапкерлерді қабылдауға қажетті құжаттарды (өтініш, жеке іс парағы, қолхат, білімгердің жеке ісі, хаттама, келісім шарт) дайындау және көбейту;
• Университеттің оқу ғимараттарында орналасқан қабылдау комиссиясының стендтерін анықтамалық-жарнамалық материалдармен толықтыру;
• Талапкерлердің құжаттарын мемлекеттік білім грантының бөлу конкурсына қабылдауды ұйымдастыру;
• Студенттер қатарына қабылданған талапкерге бұйрық шығару және құжаттарын Студенттерге қызмет көрсету орталығына жіберу;
• Қабылдау комиссиясы жұмыстары туралы жылдық есеп дайындау және университеттің Ғылыми кеңесінде есеп беру.
«Сырдария»университеті 2021-2022 оқу жылына келесі білім беру бағдарламалары бойынша талапкерлерді оқуға қабылдайды
БАКАЛАВРИАТ
«Филология және гуманитарлық білім» факультеті
6В01101-Педагогика және психология
6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау
6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
6В01702- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
6В01703- Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау
6В03201-Кітапхана ісі
«Жаратылыстану» факультеті
6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау
6В01502-Физика мұғалімдерін даярлау
6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау
6В01504-Химия мұғалімдерін даярлау
6В01505-Биология мұғалімдерін даярлау
6В01506-География мұғалімдерін даярлау
6В01507-Химия-Биология мұғалімдерін даярлау
6В01509-География-Тарих мұғалімдерін даярлау
6В05101-Биология
6В06101-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
6В06102 -Информатика
«Экономика және заңтану» факультеті
6В04101-Есеп және аудит
6В04102-Қаржы
6В04201-Құқықтану
«Өнер» факультеті
6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау
6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
6В02101-Дизайн
«Дене тәрбиесі және спорт» факультеті
6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
МАГИСТРАТУРА
7М01101-Педагогика және психология
7М01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
7М01601-Тарих педагогтарын даярлау
7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау
7М01702- Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтарын даярлау
7М04101-Экономика
«Сырдария» университеті Мырзашөл өңірінің халқына жасап жатқан ұлағатты істері айдан анық. Егер Сіз жоғары білім алғыңыз келсе, «Сырдария» университеті Сіз үшін ең жақсы таңдау. Қандай мамандықты таңдасаңыз да, бұл университетте Сіздің қызығушылығыңызға сәйкес келетін білім беру бағдарламалары бар.
«Сырдария» университеті Сіздің армандарыңызға қанат бітіріп, білім жолында дамылсыз еңбек етуге шақырады.
Add new comment