"Нұр Отан" партиясының штаб мүшелері студенттерге саяси науқанның саяси маңыздылығын кеңінен түсіндірді
- 37 views
Бүгін университетімізге "Нұр Отан" партиясының штаб мүшелері келіп маусым айының тоғызы күні өткелі отырған еліміздің басты саяси науқанының саяси маңыздылығы мен мәселелерін студенттерге кеңінен түсіндірді. Жиынға Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы Әлихан Утанов, "Жастар ресурстық орталығының" басшысы Мұхтар Бейсенбаев, "Жеті Сыр" газетінің бас редакторы Ғаппар Жаппар, Әйелдер кеңесінің төрайымы Набаткүл Байтанаева, Әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева, "Нұр Отан" партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов және штаб мүшесі Кәмира Өмірбай т.б. келді.
Кездесуде сөз алған Әділхан Асауов ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты баяндады. Сондай-ақ, жиын барысында Ғаппар Жаппар студенттерді Қазақстанның болашағына бей-жай қарамауға шақырды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне, дамуына қосқан үлесін тілге тиек етті.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тәжірибелі саясаткер және әлемдік деңгейдегі беделді дипломат, Қазақстанға еңбегі сіңген қоғам қайраткері. Ол Елбасының сенімді серігі", – деген әйелдер кеңесінің төрайымы Набаткүл Байтанаева студенттерді сайлауға белсене қатысуға шақырды.
Университетіміздің студенттері Қ.Тоқаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады және 9 маусымда өтетін Президент сайлауына белсене атсалысып, еліміздегі ынтымақ пен бірлік, демократия үшін дауыс беруге құлшынулы екендіктерін айтты.