Шақыру

Құрметті Жұмабек Ахметұлы Тәшенев  университетінің бітіруші  курс студеттері!

Сіздерді 2025 жылдың 24 сәуірі күні сағат 10.00 де  Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі  3/10 («АҚ ҮЙ») мекен-жайында өтетін «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ» шақырамыз!

«Бос орындар жәрмеңкесі» – еңбек нарығының мамандарға деген қажеттілігін айқындау үшін, жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен байланыс орнатудың тиімді тетігі. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша ортақ диалог алаңын құру, оларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы керекті ақпарат алуына қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы  білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентациясын өткізіп, бос жұмыс орындарын ұсынады. Жұмыс іздеушілер, жұмыс берушілермен тілдесіп, сұхбаттасудан өтіп, өзін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
Жәрмеңкеде 30-дан астам ұйым – мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық кәсіпорындар өздеріндегі бос орындарын ұсынады.
    Бітіруші түлек! Сіз бізбен Бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, болашақ мансабыңыз үшін құнды тәжірибе аласыз деп үміттенеміз!
    Жұмабек Ахметұлы Тәшенев  университетінің  Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы.      
 

Оқиға категориялары