Онлайн-семинар
- 6 views
«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Математика және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен 17.03.2025 ж. күні Zoom платформасында «Қазіргі кездегі дуалды оқыту жүйесінің мәселелері және қолдану тәжірибесі» тақырыбында онлайн-семинар өтілді.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Радиофизика және электроника» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Халықаралық жоба орындаушысы, PhD доктор А.К.Тусупбекова KazDual, ENTER, EduFusion халықаралық жобалары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар пікірталас түрінде өз деңгейінде өтті, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дуалды оқыту жүйесінің өзекті мәселелерін талқылады. Семинар соңында осы бағытта болашақта біріге отырып бірнеше жұмыстар жүргізу жоспарланғаны атап өтілді.