2026 жылғы 25 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында академиялық мобильділік аясында маңызды іссапар жүзеге асты.
2026-03-25
2026 жылғы 25 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында академиялық мобильділік аясында маңызды іссапар жүзеге асты.
Гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Р.С. Тукенова әріптестерімен тәжірибе алмасып, кәсіби біліктілігін арттырып қайтты.
Университеттің Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы – республикадағы дүние жүзі тарихы, архив ісі және кітапхана ісі салалары бойынша мамандар даярлайтын жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Аталған кафедрада бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша 6В03205 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер, 7M03206 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер, 8D03206 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Ғылыми-педагогикалық ұжымды тарих ғылымдарының докторы, профессор Р.С. Мырзабекова басқарады.
Кафедра тарих, архив ісі және кітапхана салалары бойынша бірнеше бағытты біріктіре отырып, білікті мамандар даярлауда маңызды рөл атқарады.
“Кітапханалық ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасы бойынша жетекші маман, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қалима Төлеубаевна Туенбаева «Жаңа ақпараттық – білім беру ортасындағы кітапханашының рөлі» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды. Дәріс барысында қазіргі кітапхана ісіндегі цифрлық ресурстар, электронды дерекқорлар және заманауи оқыту үрдістері кеңінен қамтылды.
Бұл іссапар тәжірибе алмасу мен кәсіби байланысты нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға үлес қосады деп сенім артамыз.




